Арқалық - бұл көбінесе негізгі жүк көтергіш конструкция ретінде пайдаланылатын ұзын тікбұрышты сырық болып табылатын құрылыс элементі. Оның жоғары беріктігі мен қаттылығы бар, сондықтан ауыр жүктемелерге төтеп береді және оларды бүкіл ұзындығы бойынша біркелкі бөледі. Арқалықтар құрылыста ғимараттарға, көпірлерге және жүктемелерге төзімділікті қажет ететін басқа конструкцияларға қаңқа жасау үшін кеңінен қолданылады.
Компания менеджерлері дұрыс таңдау жасауыңызға көмектеседі және де қажет болған жағдайда сізге тегін кеңес береді.
Жеткізу және бағалар туралы ақпаратты алу үшін +77222694206 телефоны арқылы немесе info@atkglobal.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы хабарласыңыз.
СИПАТТАРЫ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
• Жоғары жүк көтергіштігі: арқалықтар елеулі жүктемелерге төтеп бере алады, бұл оларды негізгі жүк көтергіш конструкциялар ретінде пайдалану үшін өте қолайлы етеді.
• Майысуға төзімділік: пішіні мен материалына байланысты арқалықтар иілу моменттері мен деформацияларға өте төзімді.
• Ұзаққа жарамдылық және сенімділік: болат сияқты төзімді материалдар ұзақ қызмет ету мерзімін және конструкциянының сенімділігін қамтамасыз етеді.
• Кеңістікті үнемдеу: Басқа коонструкциялық шешімдермен салыстырғанда арқалықтар жүк көтеру қабілетін төмендетпестен кеңістікті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
• Үлкен аралықты құру мүмкіндігі: арқалықтар қосымша тіректерді қажет етпей-ақ үлкен аралығы бар конструкцияларды салуға мүмкіндік береді.
• Басқа құрылымдық элементтермен біріктіру оңай: арқалықтар бетон, шыны және ағаш сияқты басқа құрылыс материалдарымен оңай біріктіріледі.
Қолдану аймақтары:
- Ғимарат құрылысы: ғимараттың үстіңгі жабынына, шатырлар мен қабырғаларға демеу болып ғимарат қаңқаларында жүк көтергіш элементтер ретінде қолданылады.
- Көпір құрылысы: беріктік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көпір конструкцияларында қолданылады.
- Өнеркәсіптік құрылыс: зауыттар мен қоймалар сияқты өндірістік құрылымдардың қаңқаларында қолданылады.
- Қоймалар мен ангарлардың құрылысы: көптеген тіректерді керек етпейтін кең ішкі кеңістіктерді құруға жарамды.
- Инфрақұрылымдық жобалар: туннельдер, платформалар және басқа да инфрақұрылымдық жобалар құрылысында қолданылады.
- Көпқабатты құрылыстарды салу: көпқабатты үйлер мен ғимараттардың құрылымдық тұтастығын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
- Қолданыстағы ғимараттарды қайта құру және нығайту: ескі конструкцияларды нығайту және жаңғырту үшін қолданылады.
Арқалықтарды бізден сатып алсаңыз:
- Біз өнім карточкасында сіз үшін керекті өлшемдері, салмақтары, фотосуреттер және барлық қолжетімді сипаттамалары туралы толық ақпаратты дайындадық.
- Жеткізу Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырылады. 5 тоннадан бастап тегін жеткізу.
- Өнімнің сенімділігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық сапа стандарттарына және ГОСТ-қа сәйкестік;
- Жоғары стандарттарды қамтамасыз ету үшін қоймадағы өнімнің сапасын қатаң бақылау;
- Барлық бұйымдар тегіс және мінсіз бетімен, ақаусыздығымен сипатталады;
- Әрбір өнім үшін бәсекеге қабілетті баға қойылған, метрмен болсын немесе тоннамен болсын, бұл бағалар ұсынысты ерекше тартымды етеді;
- Тұрақты клиенттерге қосымша жеңілдіктер қарастырылған, бұл ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.

